С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері ХІ республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орын алып, білім және ғылым министрінің дипломымен марапатталды.
ШҚМУ «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2-3 курс студенттері Е. Кенжеханов, Ә. Сауытжан, А. Омарова ХІ республикалық студенттік пәндік олимпиадада екінші орын алғандары үшін білім және ғылым министрінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша олимпиада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтті.
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі