Өскеменде аталымдар бойынша марапаттау рәсімі, сондай-ақ жастар балы өтті.
Неке сарайында Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің №1» жастар форумының салтанатты жабылуы болды.
Дәстүр бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін мына аталымдар бойынша марапаттау рәсімі өтті: «Жылдың жас көшбасшысы», «Жылдың студент көшбасшысы», «Жас кәсіпқой», «Жылдың жас журналисі», «Жылдың жастар акциясы», «Жас отбасы».
Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, облыстық байқауға қатысуға барлығы 69 өтінім берілген.
Баспасөз қызметі