Облыстың ең үлкен ЖОО-ларының үздік студенттері Астана қаласында өтетін "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, еріктілер ретінде қатысады.
Облыстың ең үлкен 5 университетінің үздік студенттері: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚАЕУ, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті (Семей қаласы) және мемлекеттік медициналық университеті (Семей қаласы) Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысады.
Бірінші семинар-тренинг 19-21 мамыр күндері Өскемен қаласында, Сәтпаев даңғылы, 81 мекенжайы бойынша өтеді.