Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Ересектер өмірінің конструкторы» атты бірегей бағдарламасына қатысты

Қазанның  26, 27, 28 күндері Өскемен қаласында А.С. Пушкин атындағы  кітапханасының Американдық бұрыштың негізінде түлектерге арналған үш күндік «Ересектер өмірінің конструкторы» атты  бағдарламасы өтті. Бағдарлама барысында студенттер мансаптық жоспарларын анықтап, табысты жұмысқа тұру үшін өзін-өзі таныту және өзін-өзі дамыту дағдыларын меңгерді.

Кездесу барысында Л.Назырова - бизнес-тренер (ICF), психология ғылымдарының кандидаты, «Ересектер өмірінің конструкторы» атты жобасының жетекшісі, қатысушыларға еңбек нарығында қалай жүру, қарым-қатынас жасау керектігін, өздерін қалай сатуға болатынын, жұмыс берушімен әңгімелесу барысында сене алатыныңызды қалай білуге болатыны туралы айтып берді.

Іс-шараның басты идеясы түлектер өз мансаптық стратегиясын, үздіксіз даму стратегиясын табуға және табысты маман, бизнесмен, көшбасшы болуына, яғни табысты кәсіби өмір салуға ұмтылу идеясы болды.

Лариса Назырова атап өткендей, қазір университеттер Hardskills-ді дамытуға көп көңіл бөледі, ал бүгін Softskills-ті дамыту қажет, өйткені бүгінгі күні ол ең сұранысқа ие құзыреттілігі.Өмір, бизнес және нарық тез арада өзгереді , ал кәсіби дағдылар өте тез ескіреді, ал «Softskills» бізбен бірге қалады.»

Барлық үш күн бойы қатысушылар теориямен танысып қана қоймай, әлеуетті жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасау үшін нақты құралдарды зерттеді және осы құралдарды іс жүзінде қалай қолдануға болатынын үйренді.

Іс-шараға қатысу нәтижелері бойынша студенттерге сертификаттар берілді.

Оқу-әдістемелік, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo