С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы география бойынша ұлттық пәндік олимпиадада 1 орын алды.
18-19 сәуірде Қызылорда қаласында өткен республикалық олимпиадаға еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері 18 команда болып қатысты.
Команда құрамында «География» мамандығының студенттері Ізтай Ұлжас пен Аружан Төлеутай болды, жетекшілері – экология және география кафедрасының оқытушылары Санат Құмарбекұлы мен А. Қайсарова.
ШҚМУ командасы жекелей есепте 1 орынды жеңіп алды! Құттықтаймыз!
Баспасөз қызметі