- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3 курс студенттері ғылыми-оқу әдебиет көрмесін тамашалады.
Көрмемен оқу залының меңгерушісі Любовь Ершова таныстырды.
Студенттерді университет кітапханасына жаңадан түскен әлеуметтік педагогика оқулықтары қызықтырды. Сонымен қатар, студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «100 жаңа оқулық» көрмесімен және ескі кітаптар жиынтығымен танысты.
Салтанат Сейтқұл, Гүлзада Сағынбаева,
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 3 курс студенттері