Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Halifa Altai» мешітінің мұражайында болды

Өскеменнің «Halifa Altai» мешітіндегі «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» мұражайына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері барды.

Бұл мұражайдың облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен аз уақыт ішінде ашылғаны мәлім. Студенттер сақ, ғұн, түркі дәуірілерінен, ислам тарихы мен қазақ мәдениетінен сыр шертетін құнды жәдігерлермен, Күлтегін ескерткіші, Түркістандағы Тайқазан, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінің шағын макеттерімен танысып, қазақтың алты қанат қиіз үйін көрді. Бұдан бөлек қасиетті Құранның және тарихи еңбектердің электронды нұсқаларын да тамашалады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жастар жылында бұндай игі іске аға оқытушы Айтмұхамбет Қасымов бастамашы болып, журналистика мамандығың 3 курс студенттері тарихқа толы ақпараттарға қанығып, рухани байып қайтты.

Төлеубек Асар,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo