31 наурыз бен 2 сәуір аралығында С. Аманжолов ат. ШҚМУ-дың «Ділмар» дебат клубының пікірсайысшылары Астана қаласында Назарбаев Университеті «Номад» дебат клубының ұйымдастыруымен өткен «Небо Кочевника» атты Халықаралық дебат турниріне қатысты.
Бастапқыда аталған турнирге қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің 13 қаласынан 172 ойыншыдан құралған 86 фракция өтініш білдірген болатын, алайда іріктеуден тек 68 топ өтті, солардың қатарында университетіміздің студенттері де бар.
Халықаралық деңгейде ШҚМУ мен «Ділмар» ДК-ның намысын Жанна Оспанова, Гүлжан Естаева, Әділ Манапбай, Асель Усинова қорғады, сондай-ақ «Ділмар» атынан Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың студенті Иван Ильиных қатысқан еді.
Гранд-турнирдің барысында бүгінгі таңда аса маңызға ие, әрі өзекті тақырыптар талқыға салынған болатын, соның ішінде білім беру, феминизм, әлеуметтік проблемалар және т.б. Айта кетсек, түрлі салалардан жинақталып алынған қарарлар қызықты, әрі ауқымды болып, ереже бойынша ойынның басталуына 15 минут қалғанда берілді.
Сонымен екі күнге жалғасқан қызу ойындардың нәтижесінде ділмарлықтар 20 үздік топтың және 30 үздік спикердің қатарына енді.
«Ділмар» дебат клубы