Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері ІХ республикалық олимпиадада 1 орын алды

19-20 сәуірде Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы базалық жоғары оқу орындары студенттері арасындағы 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға республикамыздың жоғары оқу орындарынан барлығы 16 команда қатысып, өздерінің білімдері мен өнерлерін көрсетті.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің абыройын асқақтатқан, білім мен ғылымға ерекше көзқарасы мен көзге түскен «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенттері: Темірбай Әлия, Рысбай Нұрлыханзада, Қоңырова Аяулым, Оразбаева Назым жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды. Команда жетекшілері: педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушылары Макшиева Гульмира Курманбаевна және Есполова Гульден Калиолдановна «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Г.Т.Алдамбергенованың алғыс хатын алды.

Бүкіл Республиканың алдында біздің университетіміздің мерейін көтерген студенттеріміздің әділ қазылар дайындығын, таныстыруларын, балабақшада жүргізген сабақтарын, қорғаған жобаларының жоғары деңгейде болғанын атап өтті және командамыз «Ең үздік инновациялық жоба» номинациясын да жеңіп алды.

Алматы қаласының оқу бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту кабинетінің меңгерушісі; қалалық балабақша әдіскері; №18, 90, 51 қалалық балабақша меңгерушілері студенттерімізді келесі жылы өздеріне шығармашыл, ізденімпаз маман ретінде жұмысқа келулеріне ұсыныс білдірді.

Келесі жылы Республикалық олимпиаданың шырайлы шығыс жерінде екінші рет өтетіні бізді қуантты.

Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo