Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 Аталмыш шараға қала басшылығы мен тұрғындары, Ауған соғысының ардагерлері, мектеп оқушылары мен студенттер, сонымен қатар 5518 әскери оркестрі қатысты.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина, 900-ден астам жастың сол сұрапыл соғысқа аттанғанын айтып өтті.

– Олардың басым көпшілігі 18-20 жастағы бозбала еді. Кетерлерінде қайтып келетіндеріне сенген еді, алайда өздерінің әскери борышын өтеп, ажал құшқан 9 сарбазымыз елге қайтып оралмады. Қазіргі күні қаламызда қаза тапқан 5 сарбаздың отбасылары тұрып жатыр, - деді ол.

Салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, Оқушылар шығармашылық сарайында салтанатты жиын өтті.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ
× You found a Typo