Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері қалалық Фариза оқуларында жеңімпаз атанды

Өскемен қаласы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жүрегі жырмен тербелген» қалалық Фариза оқулары өтті.

Байқау екі кезеңнен құралды. «Өлең, мен сені аялап өтем» кезеңінде қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін, сондай-ақ, белгілі ақындардың тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін жатқа оқыды. «Ән көңілдің ажары» кезеңінде халық әнін немесе Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған әндерді орындады.

Қазылар шешімі бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенті, «Шабыт» студенттік театрының (жетекшісі Е. Хасенов) мүшесі Жібек Ақмырзаева 1 орынды, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының студенті Жаңанұр Дәулетбек 2 орынды, «Биология» мамандығының 2 курс студенті Айдана Болат (жетекшісі Г.А. Абылкасымова) 3 орынды иеленді.

Жүлделі студенттерді құттықтап, ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі 

Қазақ
× You found a Typo