16.09.2019
ШҚМУ студенттері қалалық студенттер фестиваліне қатысты
Қала күні қарсаңында Өскемен қаласындағы Республика алаңында «Өскемен – жастар қаласы» атты студенттер фестивалі өтті.
Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара бағдарламасында студенттер өздерінің үздік концерттік бағдарламаларымен өнер көрсетті. Қала әкімі Жақсылық Омар ең белсенді және өнерлі студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады.
Марапатталғандардың арасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 5 студенті Толқын Ғабитова, Айдын Базарханов, Жазира Биғалиева, Зуха Сьезд, Мадина Әлiбекова те бар.
Студенттер фестивалі қаланың диджейлерінің қатысуымен би кешімен аяқталды.
Баспасөз қызметі
Фото https://cloud.mail.ru/public/3m7h/2hWyPo9WU