Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері қалалық жастар форумына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған Тәуелсіздік күні аясындағы «Нұрлы болашақ» қалалық жастар форумы өтті.

Форумға жастар ұйымдарының, «Жас Отанның» өкілдері, «Болашақ», «Жасыл Ел» бағдарламаларының қатысушылары, студенттер, шығармашыл және еңбекші жастар, кәсіпкерлер, мемлекеттік құрылым жетекшілері және басқалар атсалысты. Форум жұмысына ректордың міндетін атқарушы И.В. Ровнякова қатысты.

Шара алдында қатысушылар ШҚМУ-дың 65 жылдығына арналған көрмені тамашалады.

Жастармен кездесуге тележүргізуші, «Тайны. Судьбы. Имена», «Статус-столица», «Личная территория» бағдарламаларының авторы Майя Бекбаева қатысып, аңыз адам туралы «Тайны, судьбы, имена – Алихан Бокейханов» фильмін ұсынды. Тілшінің айтуынша, тарихи тұлғалар туралы көркем фильмдер түсіру жоспарында бар. Майя Бекбаева жастардың сауалдарына жауап беріп, естелік суретке түсті.

Форумның пленарлық отырысы ШҚМУ-дың «Мәңгілік Ел» орталығында өтті. Отырыста Жастар ресурстық орталығының директоры, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Ринад Ахметжанов, Өскемен ТМК менеджері Тайыр Айдарханов сөз сөйлеп, жастар саясаты туралы ой өрбітті.

Форумда «Жастар Отанға» республикалық конкурсының сыйлықтары мен алғыс хаттары табыс етілді, форум қатысушыларының облыс жастарына үндеуі қабылданды. Өскемен әкімінің орынбасары О. Булавкина жыл аталымдары бойынша жеңімпаздарды марапаттады, іс-шара соңы облыстық театрда өткен концертке ұласты.

Өскемен қаласы әкімінің «Жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлықтары жеті аталым бойынша табысталды. Олардың ішінде ШҚМУ ғалымдары мен студенттері де бар.

Форум аясында «Алаш» партиясының 100, Астананың 20 жылдығына арналған «Туған өлке» тақырыптық көрмесі өтті.

Іс-шара туралы толығырақ мәліметтерді сайттан оқи аласыз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo