- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері облыстық және қалалық байқаулардан жүлделі орындар иеленді.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Жұлдызай Маратбекова Көкпекті ауданы Бастаушы ауылында Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық ақындар айтысында 1 орынды иеленді. Айтысқа 12 ақын қатысты.
Ал, Өскемен қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Жүрегі жырмен тербелген» қалалық Фариза оқуларында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Жаңанұр Дәулетбек 2 орын алды. Байқауда қатысушылардың көркемсөз оқу шеберлігі мен әншілік қабілеттері сынға салынды.
Студенттерді жеңістерімен құттықтап, алар асулары көп болсын дейміз!
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері