С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың соңғы курс студенттері облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған Катонқарағай ауданының бос жұмыс орындар жәрменкесіне қатысты.
Ашық эфир арқылы аудандық жұмыспен қамту орталығының өкілдері бос жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі, Еңбек.кз порталы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер сұрақтарына жауап қайтарды.
Онлайн бос жұмыс орындар жәрменкелеріне қатысам деген студенттерге Жастар ресурстық орталығының Инстаграм парақшасына жазылып, кестеге сәйкес жұмыс берушілермен ашық эфирге қосылу қажет.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы