5 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев: «Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы» деп атап өтті.
Осыған байланысты ЖОО мақсаттарының бірі студенттерді жұмысқа орналастыруға көмектесу болып табылады.
25 қарашада С. Аманжолов ат. ШҚМУ-да бітіруші курстар студенттері «KAZ Minerals» компаниясы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде кадрларды дайындау және дамыту бөлімінің бастығы - Шейн Митчелл, өндіріс зертханасының меңгерушісінің орынбасары - Жанаргүл Қараулова, флоатер - Әділбек Рүстемов, жұмысқа қабылдау координаторы - Гүлжанат Өтегенова, кадрларды іріктеу жөніндегі маман - Ирина Сабыржанова қатысты.
Компания қызметкерлерінің мақсаты: ары қарай жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігімен студенттерді тағлымдама жасауға таңдау болып табылатын «Тағылымгер-2019» бағдарламасының басталуы туралы, сондай-ақ өту барысында тестілеуден өту және сұхбаттасу қажет болатын байқау туралы айтып беру болды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар пакетін (жеке куәлік, резюме, мінездеме, GPA) 31 желтоқсанға дейін 30-Гвардиялық Дивизия 34, №1 оқу ғимараты, 226 кабинетке тапсыруға болады.
Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірінде мансапты бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі