Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Кеңес одағының батыры Ізғұтты Айтықов көшесінде сенбілік өткізді

ШҚМУ студенттері «Нұр Отан» партиясы Өскемен филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Екібасованың жетекшілігімен Кеңес одағының батыры Ізғұтты Айтықов көшесінде сенбілік өткізді.

Сыпырғы, күрек, тырнауышпен қаруланған қайратты жастар әп-сәтте көшені қоқыстан тазартып шықты.

Айтықов атында Ұлан ауданында ауыл, Алматы мен Зарасайда көше, туған ауылы – Тарғында мектеп бар. Сондай-ақ, Тарғында және Полоцк қаласында батырдың кеуде мүсіндері қойылған.

Ізғұтты 1942 жылы майданда болды. Сталинград іргесінде шайқасты, Калинин, Курск, Белгород облыстарының жерін азат етуге қатысты. Батыс Двина жағалауына дейін барды. Ержүрек барлаушы жау тылында бірнеше рет болды. Оның өзі 50 гитлершіні жойып, бөлімге 22 «тіл» әкелді. Командованиенің жауынгерлік тапсырмасын үздік орындап шыққаны үшін Қызыл жұлдыз, І, ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен награтталды. 1944 жылы 22 шілдеде гвардия старшина Ізғұттыға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы 51-гвардияшы атқыштар дивизиясы фашист әскерлерінің қарсылығын жеңе отырып батысқа ұмтылды. 158 гвардияшы атқыштар полкінің 2-батальоны дұшпанның тіркес жасалған қорғаныс шебін бірінші болып бұзып, кескілескен ұрыстарда Витебск облысы Залужье деревнясын алды.

Взвод Першино деревнясын шабуылмен алып, полктың оң қанатын қорғады. Взвод шегініп бара жатқан жауды өкшелей қуып, 22 маусымда Батыс Двина өзеніне жетті де, келген бетте өзеннен өтті. Алғашқы топты Ізғұтты бастады. Плацтарды басып алды. Жаудың 4 пулеметін, 38 солдаты мен офицерін жойды. 2 күннен кейін взвод Полоцкіге кіріп, көше ұрыстарын бастады.

Ізғұтты Айттықовқа 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Дивизияның саяси бөлімі Айттықовтың хаты жарияланған листовқа шығарады. «Батыр» деген құрметті атақты бізде өсіп тәрбиелеген. Отан үшін ұрыстарда бізді шынықтырған комсомол Отан алдында өз борышымыздың ақырына дейін аброймен орындадық деп мақтан тұта аламыз» деп үн тастап, өсиет қалдырған еді. Оның өсиеті орындалды.

Батыр 1944 жылдың 25 шілдесінде Литваның Зарасай қаласында ауыр жарақаттан көз жұмды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo