Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Кітапханадағы түн» акциясына қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері А.С.Пушкин атындағы кітапханада өткен «Кітапханадағы түн» акциясына жүргізушілер ретінде де, көрермендер ретінде де белсенді қатысты. Жылдың ең ұзақ түні алдында кітапхана барлық қонақтарды құшақ жая қарсы алды.

Кітапханада 21 желтоқсан күні сағат 18.00-23.00 аралығында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының бастамасымен «Кітапханадағы түн» акциясы ұйымдастырылды.

– Мейрам әсем би мен көбік шоуынан басталды. Қонақтарға оқырман билеттерімен сыйлықтар ойнатылды. Концерттік номерлер, ұлттық костюмдермен фотосессия жасау, тағы басқа қызықты ойындар ойнатылды. Кішкентай оқырмандар «Кітап беттерінен қазына іздеу» танымдық ойын-саяхатына қатысып, сиқырлы ертегілер әлеміне саяхат жасады. Зияткерлік демалысты қалайтындар «Кітапты кім алады?» викторинасына қатысып, латын қарпіне арналған «Spelling Bee» мини-конкурсында әріптерді дұрыс атауға, «Парасат ойыны» үстел ойындарын ойнап, «Барыс» дебат клубында пікірсайысқа қатысты. IT-технологиялардың білімқұмар жанкүйерлері MakerSpace шеберханасында интерактивті шеберлік-сағаттарына қатысып, 3D-сканер, фрезер станогының қалай жұмыс істейтінін көріп, өз бетімен ДК жинауды үйренді. Сұлу бойжеткендеріміз «Әсемдік пен денсаулық салонында» косметологтар мен визажисттерден кеңес алды. Кітапхана түнінде қонақтарымыз қалауынша «Арт-квартал» бойымен серуендеп, портрет салдырып, сурет салып үйреніп, бардтардың авторлық әндерін тыңдап, караоке-клубта ән шырқады, – дейді кітапхана мамандары. 

«Ауыл кеші көңілді» еркін микрофонында киіз үйде әндер орындалып, өлеңдер оқылды.

Сонымен қатар, қонақтарға «ойталқы жаттығуларына» арналған алаң  дайындалды: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ турнирлері және т.б. қызықты оқиғаларға құмар ең батылдар өздерін «Жаңа жылдық детектив» квест-ойынында сынады. 

«Мейрамдық тәттілер» кафесінде кәсіби психолог кеңестер айтып, қонақтарға ыстық шай мен торт берді.

Ал «Барлығы да Жаңа жыл туралы» кітап көрнмесінен әркім өзіне пайдалы ақпаратты таба алды. Кітапхананың «Шеберлер мектебі» пайдаланушылардың қолынан шыққан қолданбалы өнер туындылары көрмесін ұсынды. Түнгі қонақтарымызға сыйлықтар мен тосынсыйларды ұйымдастырушы ретінде «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы дайындады.

Жылдың ең ұзақ түні қарсаңында ұйымдастырылған кітапхана түні студенттер мен жасотандықтар, біздің тұрақты оқырмандарымыз үшін жаңа жыл алдындағы естен кетпес мейрам болды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo