ШҚМУ Психология мамандығының 3 курс студенттері Нұрсұлтан Мамырханов, Айым Тоқтарханова, Алтынгүл Жұмабек, Сымбат Пулатбек Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы Ж. Ақанованың жетекшілігімен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды.
Студенттер осы мекеменің жұмыс ерекшелігімен танысып, жеткіншек жастағы балалармен диагностикалық және коррекциялық іс-шаралар өткізді. Осы өткізілген жұмыс болашақ маман психологтардың кәсіби дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы