Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері корейтану бойынша 10-шы орталықазиялық олимпиадаға қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері корейтану бойынша 10-шы орталықазиялық олимпиадаға қатысты.

«Шет тілі: екі шет тілі және аударма ісі» мамандығының студенттері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің (Алматы қаласы) корейтану апталығына қатысты.

Сайыста студенттер кәріс тілі, мәдениеті бойынша тест тапсырып, эссе жазды, ұсынылған тақырып бойынша үш минут кәрісше сөз сөйледі.

ШҚМУ студенттері Айман Жаумытбаева (4 курс), Қайыркен Шырын (3 курс), Карина Мәмиева (2 курс) дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Сондай-ақ, Қайыркен Шырын ТМД жас корейтанушыларының 5-ші конференциясында «Anthroponymy of Korean surnames of Chinese and native Korean origin» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Жетекшісі – Ким Ми Хянг (Оңтүстік Корея).

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo