ШҚО Полиция департаменті жедел-криминалистік басқармасының қызметкерлері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «құқықтану» мамандығының студенттеріне практикалық сабақ өткізді.
Студенттер криминалистер жұмысымен танысты. Тәртіп сақшылары болашақ заңгерлерге өздерінің техникалық және ғылыми құралдарын көрсетті.
Полицейлер өз жұмыстарының қыр-сырын айтып қана қоймай, қылмыс орнындағы криминалистер жұмысын бақылауға мүмкіндік берді.
Басқарманың бөлім бастығы Жақсылық Көрпебаев оқу полигонында қылмыс орнын бақылау қалай жүргізілетінін, затты айғақтар қалай алынатынын көрсетіп, түсіндірді.
Студенттер университетте алған білімдерін практикада сынап, қылмысты ашуға қажет күрделі әрі қисынды іс-әрекеттерді орындады.
Баспасөз қызметі
Фото Altaynews.kz