Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері құқық қорғау органдары қызметкерімен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, экономика және құқықтық пәндер апталығына орай «Құқық бұзушылық үшін жауаптылық» атты 1, 2 курс студенттері мен құқық қорғау органдары қызметкері арасында кездесу өтті.

Мақсат – білім алушыларды қоғамдық заңдылықтардың нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Кездесуге Үлбі полиция қызметінің инспекторы, полиция майоры Бақыт Ахмирденова, Үлбі полиция қызметінің инспекторы, полиция капитаны Жадыра Байгудиева қатысып, қоғамда тәртіп сақтау туралы жалпы ережелерге тоқталып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы туралы баяндап, оқушылардың құқықтық сауатын арттырып, құқық бұзушылықтың және қылмыс белгілері мен түрлерін айтты.

Қоғамдағы басты мәселе әр азаматтың мемлекет тарапынан құқығын қорғау және сақтау заң қызметкерлерінің міндеті болып саналатынын жеткізді.

Кездесу барысында студенттер көптеген сұрақтар қойып, құқық қорғау органдары қызметкері жауап берді.

Ш. Жасұзақова,

заң пәндерінің оқытушысы  

Қазақ
× You found a Typo