«Қылмыстық-атқару құқығы» пәні аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ құқықтану мамандығының 3-курс студенттері ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары М. Аюбаевтың «Карантин жағдайында ҚАЖ мекемелеріндегі алдын алу шаралары» тақырыбындағы бейнеконференциясына қатысты.
Бейнеконференция алдында қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті Қ. Рахымбердин студенттерді БҰҰ-ның азаптауды алдын алу жөніндегі ұсыныстарымен және 25-наурызда қабылданған коронавирустың таралуын алдын алу бойынша ұлттық тегершіктермен таныстырды.
Генерал М. Аюбаев қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі коронавирустың алдын алу шаралары туралы айтты. Карантинге байланысты 53 сотталған мерзімінен бұрын босатылған. Пробация қызметі оларды бақылау бойынша онлайн режимде жұмыс істеуде.
Сотталғандар бір айда 1 миллион бетперде тіккен, енді қорғаныш комбинезондарын тігуді бастады.
Бейнеконференцияны мына сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.facebook.com/qajk.kuis/videos/233568691176339/
Баспасөз қызметі