Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері қытай тілі бойынша халықаралық ашық интернет-олимпиадада 1-ші және 2-ші орындарды иеленді

«Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттері қытай тілі бойынша «Көктем. Мамыр – 2020. Қытай тілі – 2020, 2 деңгей» халықаралық ашық интернет-олимпиадасына қатысты.

Онлайн-олимпиаданың қорытындысы бойынша «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Амина Тайчикенова 1-ші дәрежелі дипломмен, ал 1-курс студенті Ажар Тоқтасынова 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Халықаралық интернет-олимпиада міндеттерінің қатарына лингвистикалық дарынды студенттерді анықтау, дарынды студенттердің зияткерлік әлеуетін жандандыру, қытай тілін үйренуге деген қызығушылықты дамыту, қытай тілінен халықаралық емтихандарды тапсыруға дайындықты тексеру, студенттердің ынтасын арттыру енеді.

Қытай тілінен халықаралық интернет-олимпиада жеңімпаздарын және қытай тілінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Сымбат Жайлауханқызы Бейсенованы құттықтаймыз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo