Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Қытайдан келген фотографтармен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «АLTAI JASTARY» телерадио кешенінде өткен «Ashyq suhbat» бағдарламасында Қытай еліндегі қандас фотографтар қонақ болды.

«Ashyq suhbat» бағдарламасына Қытайдағы Алтай этнофотография қоғамының төрағасы, 2018 жылы әлемнің ең үздік он фотографының бірі атанған фотоөнер магистрі Серік Мұқыш және Алтай этнофотография қоғамының мүшесі Екпін Хасенжанұлы қатысты.

 Шеберлер фотоөнер әлеміне қалай келгендерін, алғашқы түсірген суреттері туралы еске алып, өздері таңдаған фото жанрлары жайлы айтты. Туындыларын көрсетіп, фотоға түсірудің қыр-сырына, түсіру барысындағы қызықты оқиғаларға тоқталды. «Киелі Алтай» фотокөрмесіне келген қонақтар Қазақстанның әр жерінен жиналған 15 фотографтың фотоларын жоғары бағалап, талантты жас фотографтардың өсіп келе жатқанына қуанатындарын жасырмады. Осы 15 фотографтың бірі – ШҚМУ журналистика мамандығының 3 курс студентті Елназ Әбенғазиева. Серік Мұқыш сол қабілетті жастарға фотоға түсіру техникасын үйрететін  ұстаздардың барынша көп болуын тіледі.

Өйткені, фотографияның руханиятпен, эстетикамен, тарихпен, салт-дәстүрмен, философиямен астасып жататынын жас фототілшілердің білуі жақсы туындылардың келуіне септігін тигізеді.

Сұхбат болашақ журналистер мен фотографиямен әуестеніп жүрген студенттердің қызығушылығын арттыра түсті.  

Студия қонақтары дәстүрлі түрде тілек кітапшасына қолтаңбаларын қалдырып, лебіздерін білдірді.

Әнел Назарханова, журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo