Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері әлем чемпионы Ардақ Назаровпен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жастар аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен жүздесті.

Студенттер, оқытушылар, жас спортшылар ұлт жанашыры Ардақ Құттықожаұлымен жолығуға мол жиналды. Тіпті келген мейманды біразы түрегеп тыңдады. Кездесуге университет басшылығы мұрындық болды. Шарада тәрбие ісі жөніндегі проректор Амангелді Төлемісов Ардақтай азаматты келгендерге таныстырды.

Жастар Ардақ Назаровтың ғибратты әңгімелерін, құнды кеңестерін тыңдауға құмартты. Өз сауалдарын қойды. Спортшыға өлең арнаған студент те болды. Ардақ Құттықожаұлы ел тарихы мен адамгершілік жайында ойларымен бөлісті. Кез келген жанға ата-анадан артық адам жоқ екенін айтты.

– Біз ата-анамызға жақсылық жасағымыз келеді. Қомақты қаржы жинап, қымбат сыйлық алуға ұмтыламыз. Әрине, ата-ананың бағалы сыйлыққа лайық екені белгілі. Десе де, мүмкіндік болмаса, жай ғана шынайы күлімдеп қарау, жеткен жетістіктерің де зор қуаныш сыйлайды. Ал олардың айтқанын тыңдамай, елеп-ескермеу – үлкен айып, – деді спортшы.

Кездесуге келгендердің әр сөзді көкейге түйгендері байқалды. Расымен де, мейманның ел тарихын жақсы білуі, қазіргі ұрпаққа жетіспеген қасиеттерді атап өткені ұл-қыздарға, аға буынға ой салды. Шығыс жеріне алғаш келіп, жастармен жолыққанына жекпе-жек шебері де дән риза. Осы келуі соңғы емес, реті келсе өзге аудандарға барғысы келетінін жеткізді.

Шара соңында келгендер мейманмен суретке түсті. Әрине, бірқатары Ардақ Назаров келді дегенді естіп, білім ордасына арнайы аяқ басты.

Әділхан Есімханов,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo