Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингке қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері 26-27 сәуірде Астана қаласындағы «Тұңғыш президент кітапханасында» өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты  семинар-тренингке қатысып, сетификаттармен марапатталды.

Екі күндік семинар-тренингте қазіргі Қазақстанның ұстанып отырған 5-индустриялды бағытын оқытып, әр түрлі қызықты тренингтер өткізді. Семинардың алғашқы күнінде Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Ғазиз Төлебаев дәріс оқыды. Дәріс білімді кеңейтсе, тренинг топпен жұмыс істеуді үйретті. Оны жүргізген кітапхана қызметкері Күнсұлу Исинова болды. Алғашқы күннің екінші жартысы қызықты экскурсияға ұласты. Экскурсия барысында «Тұңғыш Президент кітапханасын» аралатып, Елбасымызға сыйланған сыйлықтармен, кәде сыйлармен, арнаулы кітаптармен және Елбасының жеке кітаптарымен таныстырды. Және де, «Ұлттық мұражайды» аралатып, көнеден сақталған көптеген жәдігерлермен таныстырды. Елбасының Астана қаласындағы «Бірінші резиденциясын» көрсетіп, таныстырды.

Семинардың екінші күнінде Ғазиз Төлебаев өз дәрістерін аяқтап, университетімізге өзнің кітаптарын сыйға тартты.  Және де, семинардың практикалық бөлімі жалғасты, яғни, қатысушылар Көлік және комуникация колледжінің директоры, саясат ғылымдарының докторы, ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Зулфухар Гаиповпен кездесіп, қонақтың ғылыми еңбектерімен танысты. Игі дәстүрге айналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингіне қатысқан жастарға сертификаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Марапаттау рәсімінде Кітапхана директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышбаев жастарға сәттілік тіледі. 

Жоғары деңгейде өткен және дәрежесі де жоғары семинар-тренингке университетіміздің белсенді студенттері қатысты. Осындай белсенді топты бастап барған «Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар» бөлімінің басшысы Абдрасулин Руслан Оралұлы болды. Еліміздің ең әсем қаласы Астана қаласын көріп, тамашалаған студенттердің семинардан алған әсерлері ерекше болды.

Физика мамандығының 3-курс студенті Анас Бақдәулет

Қазақ

Tags:

× You found a Typo