Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Малайзияда ІТ-технологияларды меңгеруде

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ халықаралық бөлімінің қолдауы біздің студенттерге шетел жоғары оқу орындарындағы білім үрдісінің мазмұны мен ұйымдастырылуын көруге мүмкіндік берді.

Виза алу, жаңа жерге үйрену қиындықтары артта қалып, «Информатика» мамандығының студенттері Мөлдір Асылбекова (4 курс) мен Мадияр Рахымбек (3 курс) Сайберджая (Малайзия) қаласындағы Лимкоквинг креативті технологиялар университетінде инновациялық IT-технологияларды меңгеруде. Студенттер оқитын пәндер қатарында C++Programming, Digital Design Fundamentals, Comminication Theory&Study Skills, Digital photography, Creative multimedia design бар. Студенттердің айтуынша, университетте 160 мемлекеттің студенттері білім алуда, білім алушыларға барлық жағдай жасалған – жатақхана, тәулік бойғы кітапхана, көлікпен қамту, Интернет, заманауи зертханалар. «Осындай мүмкіндікті сыйлаған университетімізге алғысымыз шексіз!» дейді олар.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде IT бағытында оқитын студенттердің шетелде білім алуы жоғары білімді интернационализациялау стратегиясының, «Цифрлық Қазахстан» бағдарламасының маңызды индикаторы болып саналады. 

Компьтерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo