Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері меценат Дулат Тастекеевпен кездесті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері кәсіпкер, меценат, «Tas Group» компаниялар тобының негізін қалаушы, «TASCREDIT» қаржы компаниясының басшысы, «ASSYLTAS» қоғамдық қорының президенті Дулат Тастекеевпен кездесті.

Дулат Тастекеев – туған жері мен елінің дамуына қолдау көрсетіп келе жатқан азамат, Тарбағатай ауданы Екпін ауылының тумасы.

Кездесуді айтыскер ақын, А. Ғафуров жүргізді. Кездесуде студенттер тарапынан  қойылған сұрақтар өте көп болды. Өйткені Дулат Тастекев өзінің табысты бизнесін жаңа форматта ұйымдастырып отырғанын, ісінің бүге-шігесіне дейін жастармен бөлісті. Кездесу барысында жомарт жанның қайырымдылықпен айналысып келе жатқаны да белгілі болды.

Дулат Тұрсұнұлының басшылығымен 2018 жылы «ASSYLTAS» қоғамдық қоры құрылған. Қор құрылысы тоқтап қалған Семей қаласындағы орталық мешіт құрылысын жандандыруға септігін тигізіпті. Тағы бір жобасы – Ақсуат ауылында жыл сайын өтетін «Туған жерге туыңды тік» халықаралық ақындар айтысы. Айтыс  жүлдегерлері қомақты сыйлықтармен марапатталып, жыл сайын бір ақын «ТАСКРЕДИТ» компаниясы тағайындаған 200 мың шәкіртақыға ие болуда.

Сонымен қатар, 2016 жылдан бері Тарбағатай ауданының энциклопедиясы іспеттес «Тарихқа толы Тарбағатай» жинағын шығаруға демеушілік етіпті. Қазір Тарбағатай өлкесінің сурет қорын құру мақсатында «Ғажайып өлке» жобасы іске асырылуда.

Маңызды сұрақтар қойған «Тарихқа толы Тарбағатай» кітаптары тарту етілді.

Шара соңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген азаматтың кеудесіне «Абай Құнанбайұлы» төсбелгісін тағып, ризалығын білдірді.

Кәсіпкер «Altai jastary» телерадио кешеніндегі «Ashyq suhbat» бағдарламасының қонағы болды. Сұқбаттасқан – журналистика мамандығының 4 курс студенті Бүлдірген Нұрланқызы.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo