Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері мектептегі көрсетілім сабағына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері жақында жалпы білім беретін мектеп жұмысымен танысу мақсатында, өзін-өзі тану пәні бойынша көрсетілім сабағына қатысып қайтты. 

Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану мамандығының 3-курс студенттері қарашаның 24-і күні №47 жалпы білім беретін орта мектеп тынысымен танысып және өзін – өзі тану пәнінен көрсетілім сабағын көріп қайтты. 

Мектептің ұйымдастырушысы Қызырбекова Айтолқын Болатбекқызы экскурсия өткізді. Мектеп іші өте кең,әдемі оқушыларға барлық жағдай жасалған екен. Мектепте 1000-нан астам оқушы білім алады, жалпы мектепте 16 комплект –сынып бар. Студенттер 5 «Г» сыныбының өзін – өзі тану пәнінің «Еңбек –қуанышы» атты сабағына қатысты. Сабақты Ахтанова Жадыра Жумағалиқызы жүргізді. Сабаққа барлығы 18 оқушы қатысты.

Сабақ барысында Жадыра Жумағалиқызы сыныпты 3 топқа бөліп алды. Сабақ тыныштық сәтімен басталды. Оқушылар мұғалімнің берген бағыты бойынша тынышталып отырып, орманға саяхат жасады. Тыныштық сәтінен соң алған әсерлерімен бөлісті. Ары қарай үй тапсырмасы сұралды. Сыныптағы дарынды 4 оқушыға берілген жеке тапсырманы тексеріп өтті. Оқушыларға еңбек тақырыбын кеңінен түсіндіру мақсатында Абай атамыздың дәйексөзі беріліп талданды.

Еш нәрсенің де ешқашан оңай жолмен келмейтіндігін түсіндіру мақсатында оқушыларға Ы.Алтынсарин атамыздың «Әке мен бала» әңгімесін баяндап берді. Әңгімеге байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар сұраққа белсенді түрде жауап берді.

Оқушылардың шығармашылықтарын арттыру үшін топқа әр түрлі тапсырмалар берілді. Осы тапсырманы орындау барысында студенттер оқушылардың өте шығармашыл, әрі тапқыр екендіктерін байқады. Сергіп алу мақсатында оқушылар мұғаліммен қосылып топпен ән айтты. Сабақ соңында сабақ қорытындыланып, үй тапсырмасы берілді.

Еңбек – қуанышы қандай болатындығын оқушылар сезіну үшін Жадыра Жумағалиқызы оқушыларға өз қолдарымен қағаздан гүл жасап, сабаққа қатысқан қонақтарға тарту етулерін сұрады. Оқушылардың қолынан өз еңбектерімен жасалған әдемі гүлдер шықты. Сабақ өте жоғары деңгейде, әрі өте қызықты өтті.

Болашақ өзін - өзі тану пәнінің маманы ретінде көрсетілім сабақтар бізге пайдалы.

 «Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығының студенттері

Жұматаева Іңкәр,

Көбей Гүлбану

Қазақ
× You found a Typo