Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Мемлекеттік қызмет істері бойынша департамент өкілдерімен семинар өткізді

27 ақпанда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3-ші және 4-ші курс студенттері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің және Қызмет көрсету орталығының өкілдерімен семинар-кездесу өткізді.

Кездесу аясында студенттердің мемлекеттік органдардағы практикасын ұйымдастыру, жас мемлекеттік қызметкерлер мектебінде оқу, студенттердің электрондық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды.

Департамент өкілдері мемлекеттік қызметке кіру қолжетілімдігі мен ашықтығын атап өтті. Қазіргі уақытта кез келген адам электрондық үкімет порталы немесе M-Gov мобильді қосымшасы арқылы тестілеуге өтініш бере алады. Сынақ нәтижесі төмен болған жағдайда бір айдан соң тестілеуді қайта өтуге мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, департамент өкілдері студенттерді департаментінің ашық есік күніне шақырды. Ашық есік күні 28 ақпанда, сағат 10-нан 16-ға дейін Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылы, 4 мкенжайы бойынша өтеді.

Қосымша ақпарат пен бос жұмыс орындар тізімін www.kyzmet.gov.kz сайтынан табуға болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo