Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысымен кездесті

ШҚМУ-дың «Altai jastary» медиаорталығында  келешек журналистер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ж.Қабдолдақызымен кездесті.

Іс-шараны С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Төлеген жүргізді.

– Қазір жастардың өзін-өзі көрсетуге, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндіктер өте көп. Мен сіздерді, болашақ журналистерді қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыруға шақырамын, – деді Ж. Қабдолдақызы. – Осы тамаша телестудияда мемлекеттік қызметте жүрген лайықты азаматтар туралы бағдарламалар әзірлеуге де болады.  

Кездесу барысында ведомство басшысы студенттердің сауалдарына жауап берді.

Баспасөз қызметі

Қоғам дертімен күресуге жастар да атсалысуы қажет

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да келешек журналистер Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызымен сұхбат жүргізді.

Əңгіме барысында сыбайлас жемқорлықты жеңу жолдары айтылды.

–  Жемқорлықты жоюға журналистердің септігі көп тиеді, яғни халыққа оның зардаптарын, сонымен қоса жемқорлық бар жерде ешқандай істің алға баспайтынын түсіндіріп, көзқарасын өзгертуіміз қажет, – деді Жанна Қабдолдақызы.

Қоғамда түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ мәселе толық шешiмiн тапқан жоқ. Сол себепті Жанна Қабдолдақызы жастардың бұл мәселеге бей-жай қарамай, белсенді түрде өздерінің жемқорлыққа қарсылықтарын түрлі тәсілдер арқылы білдіруге шақырды.

Сыбайлас жемқорлық күрделі мәселесі болып отыр. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі  барлық  елдерді алаңдатуда.

Əнел Назарханова,

журналистика мамандығының 2 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo