Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері мен магистранттары «Азия Авто» зауытына экскурсия жасады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Ақпараттық жүйелер» және «Математика» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер мен магистранттар «Азия Авто» зауытына экскурсияға барды.

Студенттер мен магистранттарға конвейерде, құрастыру желілерінде және сынау цехында жұмыстардың қалай жүргізілетінін көрсетіп, айтып берді «Азия Авто» АҚ модельдік қатарымен таныстырды, автомобиль өндірісінің технологиялық процесіне жақынырақ қарауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, зауыт қызметкерлері студенттерге  «Азия Авто» АҚ Ғылым мен инновация саласындағы жұмысының басым бағыттары туралы жарты сағаттық дәріс дайындады.

Экскурсия сандық технологиялар және модельдеу зертханасы, компьютерлік модельдеу және АТ кафедрасы мен  «Азия Авто», «Бипек Авто» арасындағы ғылыми ынтымақтастық аясында өткізілді. Іс-шараның соңында экскурсия туралы естелік ретінде суретке түсіру үшін р.ұқсат етілген жерлерде ұжымдық суреттер жасалды.

Сандық технологиялар және модельдеу зертханасы, 

компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo