- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қылмыстық құқық және қылмыстық процесі кафедрасы және меңгерушісі К.Х.Рахимбердиннің қарқынды жұмысының арқасында, магистранттар мен студенттер ювеналды юстиция бағыты бойынша Ускюдар (Түркия) Университетінен келген профессор Абулфаз Сулеймановтың дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алды.
Дәріс оқумен қатар профессор психология және түзету педагогикасы кафедрасындағы әріптестерімен кездесіп, ғылыми жұмыс, біріккен салыстырмалы зерттеу жұмыстары жоспарланды. «Зияткер» және контакті полиграф, МастерГраф графологиялық мәтіндік процессорі, қолма-қол диагностика модулі, электроэнцефалограф және Биологиялық кері байланыс жүйесі сынды заманауи құралдармен жабдықталған психофизиология лабороториясы профессорды аса қызықтырды.
Екіжақты қызығушылық және өзара ынтымақтастыққа даярлық кездесудің құнарлы өтуіне өз ықпалын тигізді. Ускюдар Университетімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде оқытушылар мен студенттер алмасу үшін келісім шарт жасау және Эразмус Харт негізінде ынтымақтастық жоспарлануда.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі