Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері мен түлектері «Біздің №1» XVIII жастар форумына қатысты

23 қарашада ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында Тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің №1» XVIII жастар форумы өтті.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит жастар мәселесі бүкіл әлемде өзекті мәселе болып табылатын тілге тиек етіп, өңірде қолға алынған жобалар жөнінде айтты, жастар ел болашағы екенін атап көрсетті.

Форум аясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды, Жастар ресурстық орталықтарының құқықтық жұмысына арналған семинар-тренинг өтті

Cондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы, ақын Ержан Жұмабекпен және ШҚМУ түлегі болып табылатын «Х-фактор» жобасының жеңімпазы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы екінші кезеңінің финалисі, әнші Евгений Выбловпен «Болашақ біздің қолда» атты мотивациялық кездесулер өтті.

Евгений Северьянов (Выблов) ШҚМУ-ды 2012 жылы «мұзыка мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Евгений Выблов – түрлі байқаулардың сан мәрте жүлдегері. 2005 жылы ол «Абай оқулары» (Семей қ.) республикалық байқауының ІІІ дәрежелі дипломанты, «Әншi, болғым келеді» телевизиялық байқауының (Алматы қ.) жеңімпазы атанады, «Мы вместе» фестивалінің І дәрежелі дипломымен (Барнаул қ.) марапатталады, «Сибирская чайхана» фестивалінің (Новосібір қ., 2006 ж.) лауреаты. 2011 жылы Евгений Выблов Хfactor.kz бағдарламасына (2 маусым) қатысып, үздік 20 әншінің қатарына қосылды. Ал 2014 жылы аталмыш жобаның (5 маусым) жеңімпазы атанды.

Биылғы деректер бойынша облыста 264 990 жас бар (14-29 жас аралығындағы тұрғындар), олар өңір халқының 19,1% құрайды, олардың 166 021-і (62,6%) қалаларда, 98 969-ы (37,4%) ауылдарда тұрады.

Облыстағы 8 ЖОО мен 86 колледжде 66 мың студент оқиды. «Серпін-2050» бойынша 3 349 студент 5 ЖОО мен 10 колледжде білім алып жүр. «Жастар практикасымен» 1446 адам, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасымен 351 адам қамтылған, 314 жас үй алуға не салуға мемлекеттік несие алған. Жазда «Жасыл ел» жасақтарында 1475 жас еңбек етті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo