Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Менің құқығым» жазғы мектебіне қатысты

Тамыз айының 15-і мен 18-і аралығында Өскемен қаласында сайлау процестерінің негіздері және ҚР элективті Заңнамасы туралы «Менің құқығым» жазғы мектебі ұйымдастырылды.

Жазғы мектеп «Халықтың электоралды сауаттылығын арттыру және қоғамды процеске тарту» мемлекеттік-әлеуметтік тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Мектепте Шығыс Қазақстан облысының 25 белсенді жастары оқыды.

Тыңдаушылар сайлау процестерін реттейтін заңнама туралы білім алды. Сондай-ақ үлгілік құжаттармен жұмыс істеп, учаскелік комиссияның шешімдері мен әрекеттерін бағалауды үйренді. Сайлау күні дауыс беру парақтарын санау, қорытынды хаттама жасау және оның көшірмесін беру жұмысына бақылау ұйымдастыру сынды іскерлік ойын өткізді.

Жазғы мектеп лекторлары танымал ғылыми заңгерлер, психологтар, Қазақстан мен Ресейдің демографтары, сайлау құқығы мен процесі саласында тәжірибесі мол сарапшылар. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының сайлау туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңы жазылған брошюралар ұсынылды. Жазғы мектептің 4 күндік оқуынан кейін студенттер тестілеуден өтіп, сайлау процестерінің негіздері және сайлау заңнамасы туралы жеке куәлік алды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo