С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасы А. Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірге жас оқырмандарға арнап театрландырылған қойылым қойды.
ШҚМУ ғылыми кітапханасы облыстық балалар кітапханасымен бірге жас оқырмандарға арнап биыл өз мерейтойын атап отырған балалар кітаптары желісінде бірқатар ертегілерді сахналады.
Іс-шараны Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті Наталья Бенештің жетекшілігіндегі бастауыш білім мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырды.
Баспасөз қызметі