Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері мұрағат жұмысымен танысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика мамандығының студенттері Өскемендегі мемлекеттік архивте болды.

3-4 курс студенттері өздеріне таңсық мекемеде бас қосты. Кездесуді ұйымдастырған – ардагер журналист Айтмұхамбет Қасымұлы. Екі курсқа бірдей куратор болып жүрген Гүлмира Ахметқалиева да архивпен танысуға келген. Алдымен барлығы оқу залына барды. Мұнда архив қызметкері мекеме қызметі туралы кеңінен айтып берді, қоймамен таныстырды. Көп жағдайда бұл жерге кіруге рұқсат етілмейді. Қойма екі қабатты, сөрелері құжаттарға толы.

 – Бұл жердің температурасы мен ылғалы жіті қадағаланады. Мұншама көп мәліметтің ішінен ақпаратты табуға көмектесетін іздеу жүйесі бар. Ертерек келіп, тапсырыс берсе болды, – дейді қызметкерлер.

Айтмұхамбет Қасымұлы диплом жұмысына қатысты дереккөздерін осы жерден іздеуге болатынын жеткізді. Архив қызметкері Гаухар Айтбаева келушілердің қалай өтініш беріп, сұраған деректеріне қалай қол жеткізе алатынын айтып берді. Айта кетерлігі, мұнда жазушы Оралхан Бөкейдің, өлкетанушы Тұрғазы Нұқаевтың, түрколог Сәрсен Аманжоловтың да қорлары сақталған. Мұнда 1862 жылы жазылған «Церковь» атты кітап та қаз-қалпы тұр.

 – Бұл жерге тек жұмыс жасауға келу керек. Байқатпай мәліметтерді қиып, жұлып алу сынды әрекеттер абырой әкелмейді. Мұның шеңберінде қаншама адам тер төкті. Сондықтан қызметкерлерге бұйымтай болса, күні бұрын тапсырыс беріп кету керек. Олар да келушілерге көмегін аямақ емес, – деді ардагер журналист.

Әділхан Есімханов,

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo