Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері «Мұражайдағы алмалы түнге» қатысады

18 мамыр – халықаралық мұражай күні. Биылғы мереке тақырыбы – «Мұражайлар мәдениет орталықтары ретінде: дәстүрлер болашағы». ШҚМУ-да бірнеше музей бар.

Былтыр ШҚМУ-дың №1 оқу ғимаратында Археология және Алтай мәдени мұрасы мұражайы ашылды. Музейде палеолит, мезолит, қола дәуірлеріне, сақ кезеңіне қатысты стендтер және бірегей жәдігерлер – әшекейлер, еңбек құралдары, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, киім-кешек бөлшектері бар.

– Жәдігерлерді ғалымдар жетекшілігіндегі университет студенттері археологиялық қазбалар кезінде соңғы үш жылда тапқан, – дейді белгілі археолог Зейнолла Самашев.

Бүгінде университет музейлерінде экскурсиялармен қатар, семинарлар, өзге іс-шаралар өтеді.

Екінші қабатта ШҚМУ мұражайы жаңаланып, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының экспозициясы қосылды.

Сондай-ақ, ШҚМУ-да ШҚО білім беру мұражайы, В. Баженов атындағы табиғат мұражайы, гербарий кабинеті, Сирек кітаптар қоры бар.

Мереке 1977 жылы пайда болды, 1992 жылдан белгілі бір тақырыпта өтеді. Қазір әлемдегі 20 мыңнан астам музей осы күні атайды. 

17 мамырда сағат 19-дан 23-ке дейін облыстық сәулет-этнографиялық, табиғи-ландшафтық музейде «Мұражайдағы түн – жастар уақыты» акциясы өтеді, мұндай түрлі байқаулар ұйымдастырылып, белсенділерге сыйлықтар таратылады.

Өнер мұражайында (Тоқтаров к., 56) 17 мамыр күні сағат 18-ден 21-ге дейін «Мұражайдағы алмалы түн» іс-шарасы өтеді. Бағдарламада – жас ақындармен кездесу, викторина, сондай-ақ квест, сурет салу, іс тігу, ұршық иіру бойынша шеберлік сыныптары, Жас экскурсшылар мектебі, ШҚМУ «Шабыт» жастар театрының қойылымы.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo