Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері мұражайдағы фотокөрмеде болды

Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайда Дмитрий Багаевтың 1929-1931 жылдары Кереку өңірінде түсірген фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Көрмеге қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін 40-тан астам фотосурет қойылды.

Студенттерге оқытушы Е.Н.Егоренкова мен Археология және Алтайдың мәдени мұрасы мұражайының жетекшісі Ж.А. Қалимолдина жетекшілік етті. Көрменің салтанатты ашылуындағы С.Аманжолов ат. ШҚМУ-ң атынан Ж.Калимолдина құттықтау сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның маңыздылығын атап өтті.

Дмитрий Багаев (1884-1958 жылдар) – Кереку өңірінің фотошежіресін жасаған тұлға, ол 1905 жылы Палодарда алғашқы фотосалон ашқан. Ол ертіс өңірін көп аралап, қазақтардың көшпенді салтын фотосуретке түсірумен шұғылданған.

Павлодардағы Дмитрий Багаев мұражай-үйінің маманы Надежда Майба көрме туралы толық ақпарат берді.

Көрме (Қайсенов көшесі, 67) келер жылғы қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Қазақстан тарихы кафедрасы, 

баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo