Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері оңтүстік кореялық профессор Санг Мэ Лиді туған күнімен құттықтады

3 мамыр «WELCOME CENTER» жұмысы аясында «Friendship of culture» атты дөңгелек үстелінде Қазақстан және Оңтүстік Кореяның мәдени ерекшеліктері талқыланды.

Іс–шарада «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының үшінші курс студенттері және халықаралық байланыс және ғылыми жұмыс жөніндегі департаменті қатысты. Кәріс тілін оқитын студенттер, Оңтүстік Кореяның мәдени ерекшелігін және мәдениеті жайында баяндайтын видеорепортаж дайындаған.

Іс–шарамыз Пуссан Ұлттық университетінің профессорын тортпен және тәттілермен  туған күнімен құттықтаумен аяқталды.

Студенттер және департамент қызметкерлері профессорға университет жұмысына қосқан үлесі және ағылшын тілін дамытқаны үшін алғыс білдірді.

Профессордың Пусан университетімен жұмысы және  байланыстары нәтижесінде, жақын арада белгілі бір әлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі Пусан Ұлттық университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылады деп күтудеміз.  

Санг Мэ Ли іс-шараны ұйымдастырған қатысушыларға алғысын білдіріп, қуанышпен ШҚМУ-мен ары қарай серіктес болуға дайын екендігін мәлімдеді. Айта кетсек, профессормен әлі қоштаспаймыз, біз тағы бір оқу жылында жұмыс істейміз.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ

Tags:

× You found a Typo