- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қыркүйек айының 12-ші жұлдызында Өскеменнің туған күніне орай Арбат демалыс орны ашылды.
Әсем көрінісімен жұртшылықты бірден баурап, қуанышқа бөлеген Арбаттың ашылуына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика мамандығының 3 курс студенттері қатысты.
Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналған салтанатта облыс әкімі Даниал Ахметов, қала әкімі Жақсылық Омар және ақын Қалқаман Сарин де болды.
Облыс әкімі қала халқын мейраммен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй тіледі және келесі жылы Арбатты үлкейтеміз деген жоспарымен де бөлісті.
Ары қарай өнерпаздар халық көңілін көтеріп, шағын концерт берді.
Ләззат Қанатқызы,
журналистика мамандығының 3 курс студенті