Жастар ресурстық орталығы ШҚМУ-мен және ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақтық штабымен бірлесіп, көрсетілім түріндегі сот процесін өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен және ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақтық штабымен бірлесіп, жастар арасында қылмыстық жазалану мен әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында көрсетілім түріндегі сот процесін өткізді.
Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, оқытушылар, жас мамандар, студенттер – барлығы 150 адам қатысты.
«Сот процесі» барысында Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қаралды.
«SANALY URPAQ» фронт-кеңсесі