Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері Парламент Мәжілісінің төрағасымен кездесуге қатысты

 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мәжіліс төрағасының облыс жастарымен кездесуіне қатысты.

Мәжіліс төрағасы өңірдегі жоғары оқу орындарының, колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамымен, студенттерімен және ШҚО ҚХА өкілдерімен кездесу өткізіп, соңғы уақытта Мәжілісте жаңадан мақұлданған заңдарға, көптеген заңнамалық актілерге толыққанды түсінік берді.

– Сіздермен 2020 жылдың басында, өте маңызды кезеңде кездесіп отырмыз. Шығыстың біздің еліміз үшін орны ерекше. Ұлы Абайды, Шәкәрім мен Мұхтарды дүниеге әкелген, қазақ руханиятының орталығына айналған қасиетті де киелі аймақ. Сонымен бірге өнеркәсібі де, ауыл шаруашылығы да қатар дамыған, ел экономикасына үлкен үлес қосып келе жатқан, индустриалдық әлеуеті зор өлке. Қазір Парламент дупутаттары еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде, – деген Нұрлан Нығматулин өткен жыл еліміз үшін тарихи жыл болғанын, Елбасы тағы бір батыл қадам жасап, билікті өз қалауымен сенімді ізбасарға тапсырғанын, Тұңғыш Президент басқарған отыз жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем танығанын атап көрсетіп, енді алда дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсаты тұрғанын, бұл игі мақсатты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев лайықты жалғастырып келе жатқанын жеткізді.

Мұнымен қатар, ол жаңа Президент халыққа алғашқы Жолдауын жариялап, онда елімізді дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік саланы нығайту бойынша нақты бағыттарды айқындап бергенін, оларды іске асыру жолында Сенат пен Мәжілістің барлық депутаттары жұмыла еңбек етіп жатқанын атап өтті.

– Шығыс Қазақстан – еліміздің қуатты өңірлерінің бірі. Мұнда инвестиция молынан құйылуда, құрылыс қарқын алып, жаңа өндірістер құрылуда, әлеуметтік нысандар көптеп салынуда. Жақында ғана облыс әкімін қабылдаған Президент аймақта атқарылған жұмыстарға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Әсіресе, облыс басшысының облыстың ғылымы мен білім беру саласын дамытудағы еңбегі ерекше аталып өтілді. Цифрландыру қарқын алып, облыс заман талабының сұранысына сай дамып келеді. Болашақ – білімді жастардың қолында. Сендерге Елбасы да, қазіргі Президентіміз де үлкен сенім артып артып отыр, – деді Нұрлан Зайроллаұлы.

Сондай-ақ, ол биыл мерейтойлар жылы екендігіне де тоқталып, оның ішінде Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде тойланатынын, барлығы бес жүзден астам іс-шара өтетінін, бұл ретте Шығыс Қазақстанның орны ерекше болатынын айтып, негізгі шаралардың дені осы облыста өтетініне, сонымен бірге Президенттің жуықтағы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылғандарға жете тоқталды.     

Кездесу барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң да жан-жақты талқыланып, мұғалімдерге, студенттерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаулар да айтылды. Бұдан бөлек залдағы қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берілді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды волонтерлер жылы деп жариялауына орай өңірдегі волонтерлер қатарындағы жастармен де кездесіп, оларды толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді.

Жастар жағы алдағы уақытта волонтерлік жұмыс тәжірибесі жалпы еңбек өтіліне қосылатын болса деген тілек білдірді.

– Осы жыл бекерден-бекер волонтерлер жылы болып бекітілген жоқ. Еліміздің жастарына өздерін көрсетуге үлкен мүмкіндік ашылып отыр. Айтатыным, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалыңыздар. Ал волонтерлер туралы заң 2017 жылы қабылданды, онда осы мәселе қарастырылған болатын. Сондықтан мемлекет тарапынан еріктілерді қаржылай лайықты қолдау болады, – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Атап өтерлігі, Абайдың 175 жылдығына арналған шараларға 500 ерікті тартылмақ, оның ішінде ШҚМУ студенттері де бар.

Кездесу Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өтті.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo