С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шет тілі: екі шет тілі» білім бағдарламасының 3-4 курс студенттері Польшаның Свече қаласының Лингвистикалық-техникалық университетіндегі жастардың «Абай» мәдени-білім беру орталығында өлеңдер байқауын өткізді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып жатқан ШҚМУ студенттері Қазақстан мен Польша туралы презентациялар ұсынды, Польша университеттеріндегі оқулары туралы баяндады.
Іс-шараға оқу орнының студенттері мен басшылығы қатысты.
Байқаудың басқа мақсаттары – шетелдік серіктестермен білім беру, мәдени байланыстарды нығайту, Абай өлеңдерін таныстыру, кафедрада оқытылатын шет тілдерін насихаттау.
Іс-шара қонақтары байқау, қазақстандық студенттердің оқуы, «Абай» орталығы туралы әсерлерімен бөлісті.
Баспасөз қызметі