Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері профессор Аманжол Әлтаймен кездесті

Жастар жылы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтаймен кездесті.

«Мен жастарға сенемін» атты кешті Жастар театрының режиссеры Дарын Қалибекұлы жүргізді. Сөзді тәрбие жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты А.Г. Толамисов бастады.

Айтыс дарабозы Аманжол Дүйсенбайұлымен кездескен жастар рухани мол тағылым мен тәрбие алды, ақынның әр ғибратты сөзі, жүректен шыққан өлең жолдары астарлы ақиқатқа толы болды. Жастар ақын өлеңдерін тыңдап қана қоймай, келген қонаққа өз өлең жолдарын арнап жатты. Айтыскер ақын домбырамен ән орындап, құлақ құрышын қандырды.

Кеш соңында А.Г.Толамисов ақынға алғыс білдіріп, мейманға кітап сыйлады.

Аңсар Төлеубек,

журналистика мамандығының 2 курс  студенті

Қазақ
× You found a Typo