Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері республикалық байқауда жүлделі орындарға ұсынылды

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Педагогика және бастауыш білім берудің әдістері» және  «Информатика» мамандықтары бойынша студенттер ғылыми жобаларының республикалық байқауының 2-ші кезеңі аяқталып, нәтижелері шығарылды.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенті Жадыра Болат (ғылыми жетекшісі – педагогикалық оқыту және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Г.Қ. Макшиева) және «Информатика» мамандығының 4-курс студенті Әділет Амангелдин (ғылыми жетекшісі – компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы С. Адиканова) республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының 3-ші кезеңіне жіберіліп, 1 дәрежелі дипломдармен марапаттауға ұсынылды.

Жеңістеріңіз құтты болсын, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер! 

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo