ШҚМУ студенттері ғылыми жұмыстардың республикалық байқауында екінші және үшінші орындар алды.
БҒМ жыл сайын ұйымдастыратын студенттердің жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық ғылымдар бойынша үздік жұмыстарына арналған республикалық байқауда ШҚМУ студенттері 2 және 3 орындар алды.
Атап айтсақ, материалтану мамандығының 4 курс студенті Светлана Шелепова және сол мамандықтың 2 курс магистранты Анастасия Казначеева 2 орын иеленді.
Жобалары – «Ұшатын аппараттарда және медицинада қолданылатын композиттік материалдар жасау», жетекшісі – физика және технологиялар кафедрасының профессоры Л.И. Квеглис.
Материалтану мамандығының 2 курс студенті Владислав Тружников және «Ядролық физика» мамандығының 3 курс студенті Сергей Герт 3 орын алды. Жобалары – «Ni3Al құрылымын зерттеу», жетекшілері – Л.И. Квеглис.
Студенттер министр Е. Сағадиевтің дипломдарымен марапатталды
Баспасөз қызметі