Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері республикалық диалог алаңының қатысушыларынан сұхбат алды

ШМҚУ-да өткізілген «Қазақстан этностары: еліміздің тарихи-мәдени дамуына қосқан үлестері» атты сұхбат алаңының ұйымдастырушыларынан «журналистика» мамандығының 3 және 4 курс студенттері «ALTAI JASTARY» студенттер телерадио кешенінде сұхбаттасты.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен бірге ұйымдастырылған «Қазақстан этностары: еліміздің тарихи-мәдени дамуына қосқан үлестері» атты ресубликалық сұхбат алаңы өтті.

Шығыс Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған жобаның басты мақсаты мәдениет, білім беру және ғылым салаларында үлкен қызмет атқарып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан қазақстандық этностар өкілдерінің ортақ электронды мәліметтер базасын құру бойынша пікір алмасу және ұсыныстар әзірлеу. Аталмыш сұхбат алаңының ұймдастырушылары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ-ның қызметкерлерімен «Журналистика» мамандығының 3 және 4 курс студенттері сұхбат жүргізді.

«ALTAI JASTARY» студенттер телерадио кешенінде «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары, с.ғ.д., Ә.С.Қайдарова, жетекші-менеджер М.Ж.Кикимбаев, аналитик-менеджер Р.И. Камарова және Тарих және Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының т.ғ.к., доцент Б.Н. Абдрахманов қонақта болды. Сондай-ақ, студия қонақтары бағдарламаның алдағы даму жоспарларымен бөлісті.

Жобаны жүзеге асырылуы «Рухани Жаңғыру» мемелекеттік бағдарламасының әдістемесіне негізделіп құрылғанын атап өтті.

Бүлдірген Нұрланқызы, журналистика мамандығының 4 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo