Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ студенттері республикалық олимпиадада жүлделі орынға ие болды

Қазақ елінің кемел  келешегі-білімді әрі білікті  жастарды қалыптастыруда ШҚМУ тағы да озық та дара тұрғанын кезекті  рет дәлелдеді.
2017-жылдың  сәуір  айының 13-14 жұлдызы аралығында  академик Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды  мемлекеттік университетінің  педогогикалық  факультетінде  «Бастауыш оқыту педогогикасы мен әдістемесі »мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының  студенттері арасында  ІХ  Республикалық  пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға  еліміздің  жоғарғы оқу орындарынан  15 команда қатысты.Екі күндік  байқау  нәтиежелері  бойынша  С.Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ғибрат » тобы жалпы командалық есеп бойынша ІІ орынды иеленсе,зерттеушілік жоба  «Бастауыш мектеп-білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтіні» бойынша ең үздік нәтиже көрсетіп, «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша  марапатталды.
 «Бастауыш оқыту педогогикасы мен әдістемесі » кафедрасының оқытушысы, команда жетекшісі Макшиева Гүлмира  Құрманбайқызын және «Бастауыш оқыту педогогикасы мен әдістемесі » мамандығының 2, 3 курс студенттері  Әбу Жансая Әбдіқадырқызы,Емберген  Фариза  Алтынбайқызы,Жүнісбек  Айдана  Сұлтанбекқызы,Саяханова Айкерім Абзалқызын шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз.
Педогогикалық  білім  және  менеджмент кафедрасы
Қазақ
× You found a Typo